Өскеменде екі автоматты станцияда озон құрамы өлшенеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде екі автоматты станцияда озон құрамы өлшенеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Фин метеорологиялық институты жүргізген әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бағдарламасының (бұдан әрі - ӘЭЗБ) ұсынымдары негізінде «Қазгидромет» РМК Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінің атмосфералық ауасындағы озон құрамы мониторингінің бақылау желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап озон Өскемен қаласында Л.Толстой көшесі 18 және Шәкәрім даңғылы 79 мекенжайлары бойынша орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылайтын екі автоматты станцияда өлшенеді.

Озоннан басқа, аталған станцияларда автоматы режимде РМ-2,5 және РМ-10 концентрацияларын өлшеу жұмыстары жүргізіледі.

ӘЭЗБ ұсынымдарына сәйкес, ауадағы қандай да бір ластауышты анықтайтын станциялар саны халық санына байланысты. Мысалы, Өскемен қаласы үшін (346 мың адам) РМ-2,5 және РМ-10 қалқыма бөлшектерінің мониторинг станцияларының ең аз саны 2 бірлікті құрайды; озон – 1 станция.

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» РМК Өскемен қаласында атмосфералық ауа сапасына толыққанды мониторинг жүргізуде, алайда жоғары экологиялық жүктемені, өнеркәсіптік объектілердің көп санын, халықтың ауа сапасына және жиі кездесетін ауруларға деген көптеген шағымдарын ескере отырып, «Қазгидромет» РМК ағымдағы 2021 жылы атмосфералық ауа сапасының қосымша 3 автоматты станциясын сатып алуды, сондай-ақ қолданыстағы 5 сынамаларды қолмен іріктеу бекетін автоматтандыруды жоспарлап отыр.

Жаңа станциялар РМ-2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектері, көміртек оксиді, азот оксиді және диоксиді, күкіртсутек және күкірт диоксиді датчиктерімен жабдықталады.

«Осылайша, 2021 жылдың соңына қарай Өскемен қаласында РМ-2,5 және РМ-10 қалқыма бөлшектерін анықтайтын 10 станция жұмыс істейтін болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар