Өскеменде екі апта бұрын жоғалып кеткен 57 жастағы ер адам іздестірілуде

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында екі апта бұрын жоғалып кеткен 57 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан әйел ағасының із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізген.

«Белгілі болғандай, Айдар Сәрсембаев 5 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Кожедуба көшесіндегі үйінен сыртқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмады. 57 жастағы ер адамның қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Ол жоғалған күні қара түсті тон мен бөрік киіп шыққан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары бұл азаматтың қайда екені жайлы қандай да бір хабары барлардан 8-771-466-54-38 нөміріне немесе «102» арнасына қоңырау шалуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар