Өскеменде екі ағайынды жігіт көршілерін өрттен құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ағайындылар көршілерін өрттен құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 сәуір күні түнгі сағат 02.00 шамасында Тимофеев көшесіндегі жер үйді қызыл жалын шарпыған. Мұны көрген ағайындылар бірден көршілеріне көмекке ұмтылады. Олар терезені сындырып, үй ішінде болған екі ер адам мен әйелді оятқан.

«Бейбіт күннің батырлары Рафхат Қожахметұлы мен Дастан Елеусізов үйде адамдар бар екенін білген соң өрт сөндірушілердің келгенін тоспады. Екеуі де өздері жайлы ақпарат беруден және фотоға түсуден бас тартып, бұл ерлікке атақ-абырой үшін бармағандарын айтты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақты шаршыған тілсіз жауды ауыздықтады. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – отты абайсыз пайдалану немесе қасақана өртеу.


Соңғы жаңалықтар