Өскеменде егде жастағы әйел Ертіске секіріп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін күндіз қалалық төтенше жағдайлар қызметіне куәгерлер телефон шалып, Ғашықтар аллеясында 68 жастағы әйел адам Ертіске секіргені туралы хабарлады.

Оқиға орнына шұғыл суда құтқару қызметінің құтқарушылары мен полицейлер жетті. Бұл уақытқа дейін әйелді вокзал ауданына қарай ағыс шайып кетті. Құтқарушылар моторлы қайықпен құтқару үшін әйелге қарай бет алды.  

Орталық суда құтқару қызметінің басшысы Сергей Мартьянов хабарлағандай, олар әйел адамды алыстан көрген.

 «Біз оған жетіп, қайыққа мінгізіп, алғашқы көмек көрсетіп, медициналық жәрдем қызметіне тапсырдық».

Әйел дәрігерлер тексеріп болған соң ауруханаға барудан бас тартты және ол үйіне жіберілді.

Жүргізілген құтқару жұмыстарынан кейін Орталық суда құтқару қызметінің басшысы Сергей Мартьянов су қоймалары маңындағы бақылау жұмысын жалғастырды.

Бір сағаттан кейін оған рация бойынша Студенттік қалашық ауданында Үлбі өзенінде 1989 жылғы ер адам мас күйінде суға түсіп, оны өзен ағысы шайып кеткені туралы хабарлады. Сергей Мартьянов сол жерге аттанып, жігітті судан алып шықты. Қазір жігіттің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасынан. 

Соңғы жаңалықтар