Өскеменде Дінмұхамед Қонаевтың қару-жарақ коллекциясы көпшілік назарына ұсынылды (ФОТО)

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дінмұхамед Қонаев мұражайының «Нағыз ер қаруы» бірегей көрмесі бүгін облыстық этнографиялық мұражай-қорығының көрме залында ашылды.

Экспозицияда Д.Қонаевқа әлемнің белгілі мемлекет қайраткерлері сыйлаған кездіктер, қанжарлар, қылыштар, аң аулайтын карабиндер, мылтықтар таныстырылды. Шараның ашылу салтанатында мұражай директоры Тимур Жұманов атап өткендей, ҚР Президентінің шешімімен белгілі қайраткердің туғанына 100 жыл толуына орай 2012 жылы ашылған Д.Қонаев мұражайының тарихи экспонаттары Алматыдан Өскеменге жеткізілді. Себебі, 45 жылға жуық уақыт бойы еліміздің мемлекеттік және саяси билігінің биігінде болған Қазақстанның мемлекеттік қайраткерінің еңбек жолы осы Шығыс Қазақстаннан басталған еді. Көрмеге қарудан басқа Д.Қонаевтың ата-анасы мен отбасының фотосуреттері қойылды. Алматылық мұражай директорының айтуынша, Дінмұхамед Қонаев қару түрлерін жинаумен және аңшылықпен айнлысқан. Экспозицияда Д.Қонаевқа әр жылдары басқа елдердің басшылары, әріптестері мен достары сыйға тартқан қарулардың сирек кездесетін түрлері де бар. Олардың арасында Фидель Кастроның, Леонид Брежневтің, Иосип Броз Титоның, Эрих Хонеккердің сыйлықтары да қамтылған. Тіпті, коллекцияда 1982 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев қайраткерге сыйға тартқан қару да қойылған.

Соңғы жаңалықтар