Өскеменде бұзақылар Даңқ мемориалын қиратып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде Даңқ мемориалын белгісіз біреулер қиратып кеткен, деп жазады YK-news.kz . 

Аталған оқиға туралы қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі айтты.

«Ұлы Отан соғысында мерт болған отандастарымыздың рухына қойылған ескерткішті біреулер қиратып кеткен», - деді қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Еркін Тұраров.

Еркін  Тұраров қала тұрғындарын Даңқ мемориалына күтіммен қарауға және Отан үшін жанын берген батырларымыздың рухын құрметтеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар