Өскеменде бүлікшілер алты сауда нысанын зақымдаған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде бүлікшілер алты сауда нысанына зақым келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен мен Семей қалаларында бүлікшілердің кесірінен бірқатар нысанға зақым келген.

«Өскеменде алты сауда нысаны және Семейде қонақүй зақымданып, кәсіпкерлерге материалдық шығын келтірілді. Бұл мәліметтер тиісті тізімге енгізу үшін облыс әкімдігіне жолданған», - деді палата директоры Қайрат Мамырбаев.

Оның айтуынша, қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеген әскерилерге қамқорлық көрсетті.

Оларға тамақ жеткізу «Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы» бірлестігімен ынтымақтаса жүргізілді.

Іс-шараға Nur Otan партиясының мүшелері де қатысқан.

Мәселен, 10 қаңтар күні Өскемендегі Metro сауда орны әскерилерге 1,5 мың бөтелке су, «Пять звезд» ЖШС 500 бәліш, «Багратион Ұлан» ЖШС 500 айран әкелсе, «Восток Молоко», «Эмиль», «Каравай» және «Қалиханұлы» сынды кәсіпкерлік субъектілері де өз өнімдерін жеткізген.


Соңғы жаңалықтар