+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Өскеменде «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шықты

2020 жылғы 23 қаңтар 18:55
Бөлісіңіз:
Өскеменде «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда 1939 жылы латын қарпінде шыққан Абай өлеңдерінің жинағы табылды Белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошут Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды

Бүгін Өскеменде ұлы ақынның 175 жылдығына орай «Біздің Абай» әдеби трамвайы жолға шыққан. Қоғамдық көліктің ішіне хәкімнің қара сөздері, өлеңдері қойылды. Оның іші мен сыртын әсемдеуге Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері атсалысқан.


«Бұл трамвайды жуықта күрделі жөндеуден өткіздік. Жолға шығарар алдында осындай ой келді. Осы арқылы біз ұлы Абайдың рухани мұрасын насихаттағымыз келеді» - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

«Біздің Абай» әдеби трамвайы жыл соңына дейін жүретін болады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Абайдың 175 жылдығына орай 100-ге жуық шара өткізілетіні хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT