Өскеменде биыл мұқтаж жандарға 85 тұрғын үй сертификаты беріледі

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде осы жылы мұқтаж жандарға 85 тұрғын үй сертификаты беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Өскемен қаласының жұртшылығымен кездескен аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты.

«2022 жылы өңір бойынша 3255 аз қамтылған азамат атаулы әлеуметтік көмек алады. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 1100 бала кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. Ипотекалық несиелеу арқылы үй алу мүмкіндігін кеңейту үшін қалалық бюджеттен 85 тұрғын үй сертификатын беруге 127,5 млн теңге бөлінді», - деді ол.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Бұл мақсатқа 196,7 млн теңге бағытталды. «Үлбі» орталығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Орталық мамандары ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы және кешенді көмек көрсету үшін арнайы оқудан өтеді», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар