Өскеменде биыл ашылатын емханада жасанды интеллект жұмыс істейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында желтоқсан айында жаңа емхана ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, 1 желтоқсанда Өскемендегі бұрынғы сүт тағамдары асханасының орнына жаңа емхана пациенттер үшін өз есігін ашады.

«25 қарашаға қарай құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарын аяқтап, медициналық мекемеге түрлі ауруларды жедел диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар орнатады. Сонымен қатар емхана PACS жүйесіне қосылады. Бұл – жасанды интеллект көмегімен файлдарды мұрағаттау және таратудың медициналық жүйесі. Осылайша, күрделі жағдайларды талдауға мүмкіндік жасалады», - дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда медициналық қызмет көрсету жеке клиникаларда аса қымбатқа түседі.

Сондықтан жақын арада Өскемен қаласында бес бірдей емхана ашылмақ. Оның екеуі үшін ғимараттар таңдалды.

Емханалар қажетті медициналық жабдықтармен толықтай жабдықталады.

Соңғы жаңалықтар