Өскеменде биыл 7 балабақша ашылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Өскемен қаласында 7 мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтыр облыс орталығындағы барлық балабақшаларға бейнебақылау камералары орнатылған. Ал 2020 жылы түгел мектептерді камералармен қамтамасыз ету көзделуде.

«Өткен жылы Өскеменде жеке кәсіпкерлердің қаражатына 4 балабақша салынған болатын. Биыл жаңадан 7 балабақша бой көтермек. Оның үшеуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынады» – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл қаладағы жас техниктер станцияларының ғимараттарын жаңартуға қаражат бөлінген. Сонымен қатар білім ордаларын қажетті спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«2019 жылы 35 мектептің асханасы жаңғыртудан өтті. Осы жылы қалған 9 мектептегі тиісті жұмыстар аяқталмақ» – делінген мәліметте.

Талғатжан Мұхаметбекұлы

фото: angusht.org
Соңғы жаңалықтар