Өскеменде биыл 64 жол апаты тіркеліп, 81 адам жарақат алған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері 64 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл шаһар жолдарында 64 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 2 адам қаза болып, 81-і түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда біршама аз.

«Былтыр 70 жол апаты болып, 95 адам жараланған. Мерт болғандар саны – 1. Жол-көлік оқиғалары санының төмендеуі – жүргізушілердің ережелерді бұзуды азайтқанын білдірмейді. Өкінішке қарай, жол жүру талаптарын сақтамайтын азаматтар әлі де көп. Барлық оқыс оқиғалардың жартысы көлік жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді қағып кетуіне қатысты болып отыр», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілер өткелінің жанында, әсіресе балалар жиі жүретін учаскелерде жылдамдықты төмендету қажет.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да жол апатына түсіп, көлікке қыстырылып қалған әйел құтқарылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар