Өскеменде биыл 40-қа жуық бала жол апатынан жарақат алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері 40-қа жуық бала жол апатынан зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 9 айында шаһар бойынша 168 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 214 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, 4 адам көз жұмды.

«Жолдағы оқыс оқиғалар өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға азайып отыр. Алайда балалардың қатысуымен болған жол апаты біршама өсті. Нақты айтқанда, биыл 31 жағдай болса, былтырғы көрсеткіш – 16-ны құраған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері 37 бала жол-көлік оқиғаларынан зардап шекті. Оқушылар жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде және көліктердің соқтығысуынан жараланған.



Соңғы жаңалықтар