Өскеменде биыл 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері 16 жасөспірім өз өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл кәмелет толмағандар арасында суицид жасамақ болғандар саны біршама артты. Өткен жылы осындай 5 факті тіркелсе, осы жылы мұндай қадамға 16 бала бармақ болды.

«Алты жасөспірім қолын тілсе, тағы алтауы дәрі ішкен. Үш бала асылып қалмақ болса, біреуі биіктен секірді. Абырой болғанда, олардың бәрі аман қалды. Аталған фактілердің әрқайсысы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына (өз өзіне қол жұмсауға итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған», - дейді ПБ бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Статистика көрсеткендей, көп жағдайда 13-16 жас аралығындағы қыздар суицид жасамақ болады.


Соңғы жаңалықтар