Өскеменде бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Күннің суытуына байланысты Өскеменде 14 желтоқсан күні 0-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты 14 желтоқсан күні 20 мектептің 0-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады.

Сондай-ақ Виннинская, Д.Қонаев атындағы мектептердің 0-4 сынып оқушылары қашықтан, ал 5-11 сынып оқушылары штаттық режимде білім алады.

6 мектепте, атап айтқанда: Черемшанск, Быструшинск, Тархановск, Сикисовск, Предгорное 2, Малоубинская орта мектептерінде 0-11 сынып оқушылары штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облысында 14 желтоқсан күні ауа температурасы бірден 20-25 градусқа, солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар