Өскеменде бір топ жастар қолына таяқ алып төбелесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бір топ жастар қолына таяқ алып төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше түнгі уақытта қолдарына таяқ алып жаппай төбелескен жастардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл аттанған.

«Сағат 22.40 шамасында «102» жедел арнасына Амурская көшесінде бір топ адамның төбелесіп жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер жігіттердің бірнешеуін ұстап, бөлімшеге жеткізді. Жазбаша жауап алынған соң профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Төбелеске қатысқан ер адамдардың барлығы дене жарақатын алғандарын жоққа шығарып, арыз жазудан бас тартты», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соған қарамастан, полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.



Соңғы жаңалықтар