Өскеменде бір апта бұрын жоғалған әйел «Сергек» камерасы арқылы табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында осыдан 1 апта бұрын жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шаһар тұрғыны Аяулым Садықова 25 қазан күні үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Анықталғандай, күйеуімен жанжалдасып қалған ол түнгі уақытта құрбысының үйіне барып қонды. Ал 26 қазанда сол үйден белгісіз бағытта кетіп қалған әйелдің қайда екенін ешкім білмеген.

«Зайыбын өз бетімен қанша іздегенімен еш нәтиже шықпағаннан кейін ер адам полицияға хабарласып, көмек сұрады. Тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда бірнеше күн бойы әйел адамды табу мүмкін болмады», - делінген ақпаратта.

Арада бір апта өткен соң Аяулым Садықова аман-есен табылды. Просторная көшесінде жүрген оны полиция қызметкерлері «Сергек» камерасы арқылы тауып алған. Белгілі болғандай, әйел осы уақыт бойы сол көшеде тұратын құрбысының үйінде жатты.



Соңғы жаңалықтар