Өскеменде бейнебақылау камералары 12 мыңнан астам бұзушылықты тіркеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бейнебақылау камералары 12 мыңнан астам бұзушылықты тіркеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының арқасында ұсақ бұзақылық жасаған 3511 адам, ал алкогольді ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 2486 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзған 6014 жүргізушіге қатысты хаттама толтырылған.

«Камералардың көмегімен осы жылдың 9 айында 105 қылмыс анықталды. Бұл – ұрлық, бұзақылық, көлікті мас күйде айдау және есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілері. Жалпы шаһар бойынша 12 мыңнан астам бұзушылық тіркелген», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Оның айтуынша, биыл жедел басқару орталығына тұрғындардан қылмыстар мен оқиғалар туралы 113 904 хабарлама келіп түскен. Тәулігіне орташа есеппен «102» арнасына 300-400 аралығында қоңырау соғылады.


Соңғы жаңалықтар