Өскеменде бейімдеу орталығынан қашып кеткен 15 жасар жасөспірім табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бейімдеу орталығынан қашып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі хабарласқан.

41 жастағы әйел өз сөзінде орталықтағы тәрбиеленушінің белгісіз жаққа қашып кеткені туралы айтты.

Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы келіп жетті.

«Басқарманың барлық қызметкерлері 15 жастағы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылған. Соның нәтижесінде жарты сағаттың ішінде тәрбиеленушінің қайда екені анықталды. Баланың айтуынша, ол ата-анасының үйіне барғысы келгендіктен бейімдеу орталығынан кетіп қалған», - деді қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі жедел әрекет еткен тәртіп сақшыларына алғысын айтты.



Соңғы жаңалықтар