Өскеменде бес күнде жол ережесін бұзған 26 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында бес күн ішінде жол ережесін бұзған 26 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 25 сәуір мен 1 мамыр аралығында «Мотоцикл» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Мұндағы мақсат – мотоциклдің қатысуымен болатын жол апатының алдын алу.

5 күн бойы патрульдік полиция батальонының инспекторлары көшедегі мотоциклдер мен мопедтерді тоқтатып, тексерді. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 26 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мамандандырылған тұраққа 1 мотоцикл жеткізілді.

«Полиция қызметкерлері шара барысында мотоцикл тізгініне отырған кәмелетке толмаған баланы анықтады. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ата-анасына айыппұл салынды», - дейді басқарма бастығы Андрей Мула.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін жұмысқа заңсыз тартылған Өзбекстан азаматтарының елден шығарылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар