Өскеменде бес қабатты үйден өрт шығып, 15 тұрғын эвакуацияланды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде бес қабатты үйден өрт шығып, құтқарушылар 15 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскеменде Бобровская көшесінде 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Онда тұратын әйел түтін басқан бөлмеден өз бетінше шыққан. Бірнеше минут ішінде келген өрт сөндіру бөлімшелері қалың қою түтін басқан подъезден 15 тұрғынды эвакуациялап, жылы «Вахта» автокөлігіне орналастырды. Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен 5 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын ала себебі ретінде электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нұсқасы қарастырылуда.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.

- бірнеше қуатты электр құрылғыларын бір розеткаға қосу арқылы электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

- зауытта жасалмаған электр сақтандырғыштарды («жучок»), қолдан жасалған абажурларды, жарықтандыру электр шамдарын және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын қолданбаңыз;

- дайындаушы зауыттың нұсқаулығында көрсетілген қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, өртке әкелуі мүмкін ақаулары бар электр қабылдағыштарды пайдаланбау қажет;

- оқшаулағышы зақымдалған немесе қорғаныш қасиетін жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерді қолдануға болмайды.



Фото: ТЖМ баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар