Өскеменде базарда жалғыз жүрген баланың ата-анасы табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында базарда жалғыз жүрген баланың ата-анасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, базарда жалғыз өзі жүрген 4 жасар баланың әке-шешесі табылды.

«Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар телефон жөндету үшін ұлдарымен бірге базарға келген. Қастарында жүрген бала кенет көзден таса болды. Өз беттерімен қанша іздегендерімен одан еш нәтиже шықпаған. Сол кезде олар полицияға хабарласып көмек сұрады. Тәртіп сақшылары бүлдіршіннің аман-есен екендігін айтып, оны қайдан алып кету керектігін жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде базарда жалғыз жүрген баланың ата-анасы іздестіріліп жатқандығы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар