Өскеменде базарда жалғыз жүрген баланың ата-анасы іздестірілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында базарда жалғыз жүрген баланың ата-анасы табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 11.00-де полиция қызметкерлеріне базарлардың бірінде жалғыз жүрген бүлдіршін жайлы ақпарат түсті. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары 3-4 жас шамасындағы баланы көрген.

«Қазіргі уақытта бала Протозанов көшесі, 37а мекенжайындағы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол мүлде сөйлемейді. Бүлдіршіннің ата-анасы іздестіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, полиция қызметкерлері баланың әке-шешесін немесе туыстарын білетін азаматтардан «102» жедел арнасына немесе 8(771)-485-49-94 телефон нөміріне хабарласуларын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар