Өскеменде бастауыш сынып оқушылары онлайн форматта оқиды
2022 жылғы 1 желтоқсан, 00:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 1-4 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде аяздың беті әлі қайтқан жоқ. 1 желтоқсан күні таңертең ауа температурасы 28 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
«Соған орай қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді. Өзге аудандарда оқушылардың қалай оқитыны туралы ақпарат ертең таңғы уақытта жария етіледі», - делінген хабарламада
Еске салсақ, бүгін Өскеменде аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармаған. Ал екінші ауысымдағы оқушылар дәстүрлі форматта білім алды.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP