Өскеменде бас шыршаның шамы жарқырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы Республика алаңында жаңажылдық шырша жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы шаһар басшысы Жақсылық Омар өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Қала бойынша жаңажылдық безендіру жұмысы аяқталуға жақын. Атап айтқанда, бүгінде Қазақстан көшесі, Жеңіс даңғылы, Комендантка өзені, Ушанов алаңы, Металлургтер мәдениет сарайының алдындағы сквер, Арбат пен Республика алаңы мерекеге орай безендірілді», - деді ол,

Жақсылық Омардың айтуынша, сондай-ақ Назарбаев даңғылы мен 19 шағынаудандағы аллеяларды безендіру жұмысы аяқталып қалды.

Шырша Арбатта, Коменданткада және 19 шағын ауданда орнатылған.

Ал Республика алаңындағы бас шырша 28 желтоқсанда сағат 18.00-де жағылды.




Соңғы жаңалықтар