Өскеменде банк қызметкері тауып алған құжатқа несие рәсімдеген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде банк қызмектері бөгде адамның сыртынан жарты миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Банк қызметкерінің айтуынша, ол несие рәсімделген жеке куәлікті көшеден тауып алған. 24 жастағы банкир Ұлан ауданының тұрғыны болып шыққан. Ал жоғалған құжат иесі 36 жастағы әйел екенін анықталып отыр», - делінген департаменттің дерегінде.

Банк қызметкері өз кінәсін мойындап, түсніктеме берген. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар