+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Өскеменде балалар қараусыз қалдырылған пәтерде өрт шыққан

2020 жылғы 28 қаңтар 13:13
Бөлісіңіз:
Өскеменде балалар қараусыз қалдырылған пәтерде өрт шыққан

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында балалар қараусыз қалдырылған пәтер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада көкөніс дүкені өртке оранды Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды Зейнеткерді құтқарам деп күйіп қалған жігітке Ақтөбе тұрғыны пәтер сыйлады

27 қаңтар күні сағат 17:24 шамасында Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй пәтерін қызыл жалын шарпыды. Пәтер ішіндегі ағаш есік пен жеке заттар жанып кеткен. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 0,5 шарты метрді құрады. Зардап шеккен ешкім жоқ.

«Өрттің шығу себептерін анықтау барысында белгілі болғандай, 9 және 13 жастағы екі бала үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Олар күнбағыс майы құйылған ыдысты қыздырмақ болып пешті қосады. Май күйіп, түтін шыға бастаған кезде олар майлы ыдысқа су шашып жіберген. Осыдан өрт шығып, жалын пәтерге жайылған» - деп хабарлады Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT