Өскеменде балалар қараусыз қалдырылған пәтерде өрт шыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында балалар қараусыз қалдырылған пәтер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қаңтар күні сағат 17:24 шамасында Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй пәтерін қызыл жалын шарпыды. Пәтер ішіндегі ағаш есік пен жеке заттар жанып кеткен. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 0,5 шарты метрді құрады. Зардап шеккен ешкім жоқ.

«Өрттің шығу себептерін анықтау барысында белгілі болғандай, 9 және 13 жастағы екі бала үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Олар күнбағыс майы құйылған ыдысты қыздырмақ болып пешті қосады. Май күйіп, түтін шыға бастаған кезде олар майлы ыдысқа су шашып жіберген. Осыдан өрт шығып, жалын пәтерге жайылған» - деп хабарлады Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар