Өскеменде балабақша және мектептерді жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында осы жылы балабақшалар мен мектептерді жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, мектептегі орын тапшылығын азайту үшін 2022-2025 жылдар аралығында өңір бойынша 33 білім ордасы салынбақ. Биыл жеті мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Алдағы 3 жылда Өскеменнің сол жағалау бөлігінде 4330 орындық алты мектеп бой көтереді.

«Өткен жылы облыстағы 11 білім беру нысанына 1,1 млрд теңгеге күрделі және 197 мекемеге 2,8 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Оның ішінде Өскеменде 35 мектеп пен 11 балабақшаны жөндеуге 1 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Ал биыл облыстағы білім ошақтарын жөндеуге 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған», – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сондай-ақ былтыр Өскеменде 1417 орындық сегіз балабақша ашылды. 2022 жылы қалада 150 орындық «Ақбота» балабақшасы өз жұмысын бастаған. Бұдан бөлек, бұрын балабақша болған екі типтік ғимарат коммуналдық меншікке қайтарылып, алдағы уақытта қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Соңғы жаңалықтар