Өскеменде азық-түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында азық-түлік бағасын қымбаттатқан кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан обылысы Ақпарат орталығының хабарлауынша, бағаны бақылау жөніндегі жұмыс тобы тұрғындар тарапынан шағым түскен сауда нүктелеріне рейд жүргізді. Нәтижесінде азық-түлік бағасын бекітілген шектен асырған бірқатар кәсіпкер анықталған. Оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттағанын байқағандар Өскемен қалалық Кәсіпкерлік бөліміне 8 (7232) 24-82-67 телефон нөмірі арқылы немесе 1300 байланыс орталығына қоңырау шалды. Азық-түліктің шекті бағасы келесідей болуы керек: Бірінші сортты бидай ұнының 1 келісі – 146 теңге, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан 1 келісі - 150 теңге, макарон (өлшеніп салынған) 1 келісі - 194 теңге, қарақұмықтың 1 келісі - 281 теңге, күріштің 1 келісі - 306 теңге, сиыр етінің 1 келісі – 1 750 теңге, тауық жұмыртқасы (І санат) 10 данасы - 280 теңге, күнбағыс майының 1 литрі - 388 теңге, ас тұзының (»Экстрадан« басқасы) 1 келісі - 47 теңге», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар