Өскеменде әжейді трамвай қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде трамвай астында қалған 80 жастағы кейуана қаза тапты, деп хабарлады yk.kz.

Бүгін шамамен сағат 14:00-де Тәуелсіздік даңғылында әжей трамвайдан шығып, сол көліктің астында қалған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Болжам бойынша, әйел трамвайдын алдынан кесіп өткен. Вагон жүргізушісі оны байқамай көлікті жүргізген.

Бұл соңғы жылдарда Өскеменде трамвай қағып қаза тапқан үшінші адам. 

Соңғы жаңалықтар