Өскеменде әйел адамды қағып, мерт қылған автобус жүргізушісі 2,5 жылға сотталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында әйел адамды қағып, мерт қылған автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен жылы 25 қараша күні болған.

Қала ішінде қатынайтын автобус таңғы уақытта Карбышев көшесінде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған еді. Аталған іс Өскемен қалалық №2 сотында қаралып, сот үкімі енді шығып отыр.

«Жүргізушінің кінәсі іс бойынша жиналған айғақтармен, атап айтқанда бейнебақылау камерасының жазбасы, куәгерлердің сөзі және сарапшының қорытындысымен толық дәлелденді. Ауыр емес санатқа жататын бұл қылмысқа 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот шешім шығарарда айыпталушының бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар