Өскеменде аязға байланысты 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дәл қазір Өскеменде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп тұр. Соған орай қалалық Білім бөлімі таңертең оқушылардың қашықтан оқитындығын хабарлады.

«Қала бойынша бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды. Екінші ауысымның қалай оқитыны сағат 11.00-ге қарай хабарланады», - делінген ақпаратта.

Дүйсенбі мен сейсенбі күні Өскемендегі 1-11 сынып оқушылары онлайн форматта білім алған болатын.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша 30 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 40 градусқа дейін аяз сақталады.


Соңғы жаңалықтар