Өскеменде аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында аязға байланысты 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дәл қазір Өскеменде ауа температурасы 34 градусқа дейін төмендеген. Соған орай қалалық Білім бөлімі таңертең оқушылардың мектепте бармайтындығын хабарлады.

«Қала бойынша бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары сабақта онлайн оқиды. Екінші ауысымның қалай оқитыны кейінірек хабарланады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының дерегінше, 28 қарашада облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны 42 градусқа дейін төмендейді.

Айта кетейік, 28 қараша күні Астана мектептерінің бірінші ауысымының оқушылары да қашықтан оқиды.


Соңғы жаңалықтар