Өскеменде аязда аялдамада тұрғандарды ала кету үшін тоқтаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында аязда аялдамада тұрғандарды ала кету үшін тоқтаған жүргізушілерге полиция айыппұл салмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндері Өскеменде ауа райы күрт суытып кетті. Соған орай кейбір көлік жүргізушілері аялдамада автобус тосып тоңып тұрған адамдарды ала кетуді әдетке айналдырды.

Алайда заң бойынша аялдамаға тоқтауға болмайды.

Бірақ ШҚО полиция департаменті түсіністік танытып, аяз қайтқанға дейін осындай жүргізушілерге айыппұл салмайтындығын мәлімдеді.

«Аязға байланысты азаматтарды ала кету үшін аялдамаға тоқтаған көлік жүргізушілері жауапқа тартылмайды. Тек олар қоғамдық көлікке кедергі келтірмеуі тиіс», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар