Өскеменде автокөлік экспортының мәселелері талқыланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында аймақтың ірі өндірушілерінің бірі «Азия Авто» АҚ өнімдерді экспорттау кезінде туындайтын өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Техникалық ретту және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Жиын экспорттық тауарларды өндірушілерді аймақтық штаб алаңы арқылы экспорттау елінің заңнамасының талаптарын хабарлау мақсатында ұйымдастырылды.

«Кездесу экспортты ілгерілетуге бағытталған «memst- komek» іске асыру жоспарын еңгізу шеңберінде өтті», деп комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Бақытқан Құнафиянов.

Оның айтуынша, экспорттық өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды қолдау және техникалық кедергілерді жою үшін жағдай жасау комитеттің жұмысында басымды бағыттың бірі.

Өндірілген автокөліктерді Қытайға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Иранға, Иракка, ЕАЭО елдеріне экспорттаудан туындайтын мәсілелер бойынша сапа жөніндегі директор Сұңғат Бүркітов сөйледі.

«Ең бастысы - ЕАЭО сертификаттау құжаттарын және Женева келісімімен шығарылған еуропалық омологация құжаттарын ҚХР сертификаттау жөніндегі мекемелері тқабылдамайды. Сонымен қатар сертификаттаудың қымбатшылығы және оның ұзақтығы 1 жылға дейін созылу мәселесі бар», - деді ол.

Сапа жөніндегі директор қазіргі уақытта қуаттылықты бағалау және моторды автокөлік құралдарын өндірудің локализациясын бағалаудың бірыңғай әдістемесі жоқ екенін атап өтті.

Басқосуда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 72 «Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер аумағында «автокөлік құралдарын өнеркәсіптік жинау» концепциясын қолдану шарттары туралы» шешімінің ережелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша департамент басшысы барлық сұрақтар мен ұсыныстар тиісті органға шешім қабылдау үшін жіберілетіндігін хабарладыү Ұсынымдар ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне де жолданады.

Соңғы жаңалықтар