Өскеменде автобустарға электронды билеттеу жүйесін енгізу кейінге қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында қоғамдық көліктерге электронды билеттеу жүйесін енгізу кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қаласында автобустарға электронды билеттеу жүйесін енгізу жобасы 2019-2020 жылдары іске асырылмақ болған. Алайда қала әкімінің орынбасары Тамара Рахымжанованың айтуынша, бұл жоба белгілі бір себептерге байланысты кейінге қалдырылған.

«Әуел баста электронды билеттеуді трамвайларға енгізуді жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың 4 тоқсанында осы мақсатта арнайы жабдықтар жеткізілуі тиіс» - дейді ол.


Фото: yk-news.kz

Соңғы жаңалықтар