Өскеменде автобустардың 30 пайызы талапқа сай келмейді
2022 жылғы 29 маусым 21:50

Өскеменде автобустардың 30 пайызы талапқа сай келмейді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автобустардың 30 пайызы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде Өскемендегі қоғамдық көліктердің қоршаған ортаға зияны туралы сөз қозғалды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, автобустардағы зиянды заттардың шығарындылары рұқсат етілген шекті концентрациядан асып тұр.

«Қала бойынша жолаушы тасымалдайтын 300-ден астам автобус бар. Оның ішінде отыз пайызға жуығы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай олқылықты анықтау – экологтардың міндеті. Бірақ бұл жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр», - деді табиғатты қорғау жөніндегі арнайы прокурор Константин Пичугин.

Оның айтуынша, жылдан-жылға құзырлы органдарға есепке алынбайтын шет мемлекеттерден келген көліктер саны артып келеді.

Бұл қала экологиясына кері әсерін тигізуде.

Сондай-ақ улы шығарындылары көп автокөліктердің сапасыз жанармайды пайдалану мәселесі де әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.


Фото: www.nuenergy.org
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT