Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
2021 жылғы 25 қаңтар 14:41

Өскеменде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 23 қаңтарда сағат 18:40 шамасында Қазақстан көшесінде болды.

«IVECO маркалы автобустың 60 жастағы жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткен. Соның салдарынан дене жарақатын алған жаяу жүргінші Өскемен қаласындағы бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.


Jańalyqtar

MURAǴAT