Өскеменде аулаға ойнауға шығып жоғалып кеткен баланы полиция іздеді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері жоғалған баланы 30 минуттың ішінде тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жібек маталар комбинаты ықшамауданында аулаға ойнауға шыққан бала із-түзсіз кеткен.

«Ата-анасы жұмыстан кешке қарай оралған. Баласын үйден таба алмаған олар сыртқа шықты. Алайда ұлдары аулада да жоқ болған. Өз бетімен қанша іздегенімен одан еш нәтиже шықпағандықтан полицияға хабарласып, көмек сұрады», - делінген ақпаратта.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген Нұргүл Каханов пен Олжас Амангелді баланы 30 минуттың ішінде тапқан. Белгілі болғандай, ол сол маңдағы подъездердің бірінде ойнап жүрді.


Соңғы жаңалықтар