Өскеменде аулада марихуана шегіп отырған жігіт «Сергек» камерасына түсіп қалды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында аулада марихуана шегіп отырған жігіт «Сергек» камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі пайдаланғанды деген күдікпен 21 жастағы Өскемен тұрғыны ұсталды.

Құқық бұзушы «Сергек» кешенінің камерасына түсіп қалған.

Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут ішінде тәртіп сақшылары келіп жетті.

Полицейлерді көре салысымен жігіт есірткіден құтылуға асыққан. Сараптама нәтижесінен ер адамның марихуана шеккені анықталды.

«Полицейлер құқық бұзушыдан фольгасы бар пластикалық бөтелке мен өткір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қағаз ораманы тәркіледі. Бұл жалпы салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуана болып шықты», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.








Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар