Өскеменде әуежайдың жабылғандығы туралы ақпарат жалған, штаттық режимде жұмыс істеуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы әуежай қазан айынан бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемен әуежайы соңғы 5 ай бойы жабық тұрған. Бұған сонда жүргізіліп жатқан ауқымды реконструкциялау жұмыстары себеп болды. Қазан айында жұмыстар аяқталып, әуежайдан қайта ұшақтар ұша бастаған еді.

Алайда кешелі бері БАҚ-та және әлеуметтік желілерде әуежайдың тағы жабылғандығы туралы ақпарат тарады. Бүгін ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов бұл ақпараттың рас-өтірігін айтып берді.

«Өскемендегі әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуежайды пайдалануға рұқсат берген. Қала тұрғындары мен қонақтарына Qazaq Air және Скат әуекомпанияларының ұшақтарымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды шаһарларына қатынауына мүмкіндік бар. Тек Эйр Астана компаниясының өзіндік себептеріне байланысты жоспарланған бірқатар рейстері 6 қазаннан бастап желтоқсан айына дейін Семейдегі әуежайға ауыстырылды», - деп түсіндірді ол.


Соңғы жаңалықтар