Өскеменде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемі жеті жылда 11% азайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ауаға тарайтын зиянды шығарындылар көлемі жеті жылда 11% азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста 2024 жылға дейін экология мәселесін кешенді шешудің жол картасы іске асырылып жатыр.

Зиянды шығарынды көлемі өндірістерді жаңғырту және қалдықтарды сұрыптау мен қайта пайдалану жүйелерін енгізу есебінен кем дегенде 7%-ға қысқаруы тиіс.

«Соңғы 7 жылда өңірде ауаға тарайтын зиянды шығарындылар көлемі 11,4 мың тоннаға немесе 8%-ға төмендеді. Өскемен қаласы бойынша бұл көрсеткіш 7 мың тоннаға, яғни 11,5% азайып отыр. Экологиялық тәуекелдерді төмендету және қоршаған ортаны сауықтыру үшін ауаны ластайтын негізгі ірі кәсіпорындар табиғатты қорғау іс-шараларын қолдауға 46 млрд теңге жұмсады. Оның жартысынан көбін «Қазмырыш» ЖШС бөлген», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Сонымен қатар «Қазгидромет» РММ Өскемендегі бекеттерінде қосымша экологиялық қоғамдық мониторинг жүйесі жұмыс істеуде.

ҮМЗ, Қазмырыш, Өскемен және Согра жылу электр орталықтары қолайсыз метеожағдай туындай қалса, өзара іс-қимыл жасау туралы меморандум жасады.

Осының нәтижесінде, кәсіпорындар ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы артқан фактілерге жедел ден қойып, ал халық өзекті ақпаратқа онлайн қол жеткізе алады.


Соңғы жаңалықтар