Өскеменде ауадағы зиянды қалдықтардан тамағы күйген адамдарға жаңа диагноз қойылуы мүмкін

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ауадағы зиянды қалдықтардан тамағы күйіп қалған адамдарға жаңа диагноз қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өндіріс орындары көптеп шоғырланған Өскеменнің экологиясы туралы тұрғындардың жиі арызданатыны белгілі. Бұған дейін ауадағы зиянды қалдықтардан ауырып, ауруханаға барған науқастарға дәрігерлер тұмау немесе ангина диагнозын қойып береді. ШҚО Экология департаментінің бастамасымен енді осындай адамдарға жаңа диагноз қойылуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің сараптама тобы «тамақтың химиялық күюі» деп аталатын ауруды диагностикалау және емдеу хаттамасын әзірлеп жатыр. Жаңа құжатта балалар мен ересектерді емдеуге қатысты бөлек ұсыныстар болады», - дейді департамент басшысы Данияр Әлиев.

Оның айтуынша, хаттама осы жылы бекітіледі деп жоспарлануда.

«Осыдан кейін дәрігерлерді, нақты айтқанда педиатрлар мен терапевттерді адам ағзасына химиялық әсер етудің сыртқы факторымен байланысты ауруды анықтай алатындай етіп оқыту қажет», - дейді Д.Әлиев.


Соңғы жаңалықтар