Өскеменде әскери қызметші өзін басынан атып, көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызметші өзін басынан атып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

«2021 жылғы 29 мамырда 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі лауазымындағы қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекітілген қарудан өзінің басына оқ атып, салдарынан қаза болды», - делінген ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және қызметтік тергеу тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

«Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар