Өскеменде арзан көкеністер сататын 20 павильоны ашылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тұрақтандыру қорының 20 павильоны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындар арасында тұрақтандыру қорының павильондарына деген сұраныс артып келеді. Онда әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзандатылған бағамен сатылуда. Мәселен, көкөніс өнімдерінің құны 82 теңгеден аспайды.

«Қазіргі уақытта Өскеменде 18 павильон жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы алтауы ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ әлеуметтік сауда орындарын орналастыру үшін қаланың әр ауданынан қосымша 14 жер телімі айқындалды. Аталған учаскелерді жобалау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу үшін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына сол тізім жіберілді», - деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Айта кетейік, бүгінде қала бойынша сауда үйлерінде, дүкендерде, тұрақтандыру қорының павильондарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермес үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар