USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Өскеменде апатты жағдайда қонған ұшақ жолаушылары аман-есен – әкімдік

2020 жылғы 26 ақпан 14:38
Бөлісіңіз:
Өскеменде апатты жағдайда қонған ұшақ жолаушылары аман-есен – әкімдік

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО әкімдігі Өскеменде апатты жағдайда қонған Ан-2 әуе кемесіндегі жолаушылардың жағдайы туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Бүгін сағат 12.26-да Прапорщиково ауылы маңында «Орлан-2000 әуе компаниясы» ЖШС Ан-2 әуе кемесі апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ұшақ санитарлық тапсырма бойынша Өскемен – Ақсуат бағытымен ұшқан.

«Алайда тапсырма өзгеріп, әуе кемесі Өскеменге кері қайтады. Бірақ Прапорщиково ауылының маңындағы 124-бағытта қозғалтқыш жана бастаған. Бортта бес адам болды. Екі дәрігер - Асаубаев, Халитов және экипаж мүшелері - Шкулов, Шалыгин, Иванов. Бәрі аман-есен», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Ан-2 ұшағының апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT