Өскеменде анасымен сөзге келіп қалған жасөспірім бір күн бойы шатырда тығылып отырған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде жоғалып кеткен, кәмелетке толмаған жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

7 тамызда І.Есенберлин көшесінде тұратын азаматша полицияға өзінің 12 жастағы қызының үйден кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлаған.

Ақпаратты алғаннан кейін Ұлттық гвардия әскері және полиция қызметкерлері дереу қызды іздеуге кіріскен. Кейін іс-шараларға Шығыс Қазақстан полиция басқармасы аппаратының 40, Ұлттық ұланның 60 қызметкері жұмылдырылды. Бір тәулікке созылған іздеу барысында қызметкерлер Өскеменнің 19-шы шағын ауданынының маңындағы тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, бала 8 тамыз күні кешке табылды. Кейін белгілі болғандай, ол анасымен арада болған жанжалдан кейін үйден кетіп, осы уақытқа дейін өзі тұратын үйдің шатырында жасырынған. Қызметкерлер баланы медицина тексерістен өткізді, денсаулығы бірқалыпты.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анытау ісімен ювеналды полиция қызметкерлері айналысуда.

Соңғы жаңалықтар