Өскеменде әлеуметтік осал топтағы халықтың 80%-ы көмірмен қамтамасыз етілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында әлеуметтік осал топтағы халықтың 80%-ы көмірмен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 230 мың тонна көмір шаһар тұрғындарының қажеттілігін толықтай өтейді. Оның ішіндегі 35 мың тоннасы халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Қараша айының басында 157 349 тонна көмір сатылған. Бұл жалпы көлемнің 68,4 пайызын құрап отыр.

«Көмірді арзан бағаға сатып алып, бірнеше есе қымбатқа өткізетіндер аз емес. Міне, соның салдарынан қымбатшылық туындайды. Негізінен қалада көмір саудасы шілде айында басталады. Бұл жайлы жұртшылықты ылғи хабардар етеміз. Алайда көбісі көмірді күн суытқанда ғана іздеуге кіріседі», - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда Өскемен тұрғындары әлеуметтік көмірмен 80 пайызға қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адамның өзін өртеп жібермек болғаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар