Өскеменде алдағы референдумға қатысты қоғамдық штаб құрылды

None
Фото: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау жөніндегі референдумды қоғамдық қолдау штабы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, штаб құрамына қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен депутаттар кірді.

Штабты қалалық мәслихат депутаты Сергей Коротин басқарады.

«Әркімнің дауысы маңызды. Бәріміз азаматтық жауапкершілік танытып, республикалық референдумға қатысуымыз керек. Қатарымызда жастар, қарттар, облыстың ірі кәсіпорындарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, заңгерлер, ғалымдар мен блогерлер бар», - дейді ол.

Штаб мүшелері күш біріктіріп, республикалық референдумға дайындық жұмыстарына көмектесуді жоспарлап отыр.

Халықтың әртүрлі топтарымен белсенді жұмыс жүргізу, конституциялық өзгерістерді, олардың Қазақстанның одан әрі дамуына қаншалықты әсер ететінін түсіндіру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар